Джо Байден 2024 жылы президенттік сайлауға қатысуға ниетті
Сурет: pixabay
Келесі президент сайлауы АҚШ-та 2024 жылдың қарашасында өтеді. Джо Байден әлі сайлауға қатысу туралы түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылы өтетін келесі президенттік сайлауға қатысуға ниетті екенін айтты. Оны саясаткер MSNBC News арнасына берген сұхбатында айтты. Бұл ретте президент бұл жалпы ниет екенін, әлі ресми шешім қабылдамағанын түсіндірді.
Мен ресми шешім қабылдаған жоқпын. Дегенмен бұл - менің ниетім. Тағы да сайлауға түсуге ниеттімін және бұл шешімді қабылдауға уақыт бар.Джо Байден
Бұған дейін Байден бұрынғы президент Дональд Трампқа қарсы тағы да жеңіске жету мүмкіндігін бағалаған.
Саясаткер егер қаласа, тағы да қарсыласынан озып кете алатынына сенім білдірді. 79 жастағы Байден өзінің жасына қатысты пікірлерге қалай қарайтыны туралы сұраққа ол мемлекет басшысының функциясын орындайтынын және бұл ең маңыздысы екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript