Қазақстанның Болгариядағы, Литвадағы және Албаниядағы елшілері тағайындалды

Елшілер тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 09:29 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 желтоқсанда Қазақстанның Болгария мен Литвадағы жаңа елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

  • Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

  • Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

  • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: