Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл басынан бері Қазақстанға 3 миллионға жуық ресейлік келген

Ресейден 3 миллионға жуық адам келген, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 18:24 Сурет: pixabay
Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов 2022 жылы елімізге 5 миллион 610 мың шетелдік келгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, шетелдіктердің дені ТМД елдерінен келеді.

"Бірінші орында Ресей Федерациясынан келген иммигранттар - 2 900 000. Екінші орында Өзбекстан азаматтары - 2 300 000. Қырғызстанның 730 000 азаматы. 330 000-нан астамы - Тәжікстан азаматтары. Ал 90 000-ға жуығы - Түркия азаматы. Қазір Қазақстанда 650 мың шетелдік уақытша тұрып жатыр. Мұның 90%-ы осы елдерден. 6 000 000-ға жуық шетелдік елден кетті".Аслан Аталықов

Ол сонымен қатар Ресей Федерациясы азаматтарының көшіп келуінің қазіргі жағдайына тоқталды.

"Ресей Федерациясының азаматтарына келсек, бұл жерде атап өткім келеді, біріншіден, олар -  бұрынғыдай Қазақстанға жиі келетін қонақтар. Олардың негізгі ағыны жаз айларына, яғни демалыс және туристік маусымға келеді. Қазақстанға 1 200 000 ресейлік келген. Олардың ең көп саны шілде айында келген – 485 000-нан астам. Тамызда сәл аз – 400 000 адам. Ал қыркүйекте 406 000 ресейлік келген. Оның біразы белгілі себептерге байланысты 21 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін келген. Аслан Аталықов




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: