Австрияда он шаңғышы қар көшкіні астында қалды

Қар көшкіні астында 10 адам қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2022 09:56 Сурет: Алматы облысы ТЖД
Австрияның Форарльберг аймағындағы Лех/Цюрс тау шаңғысы курортында 25 желтоқсанда қар көшкіні астында қалған шаңғышылар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kronen Zeitung газетінің хабарлауынша, қар массасы жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де түсіп, оның астында 10 адам қалған. Құтқарушылар сегіз шаңғышыны тапты. Олардың барлығы - шетелдік туристер. Кем дегенде біреуі жарақат алған.

Қар астында қалған екі шаңғышыны прожектормен жабдықталған 200-ге жуық адам іздеп жатыр. Арнайы үйретілген иттер мен бірнеше тікұшақтар да әкелінді.

Басылым қар көшкінінен бес сағат өткен соң адамдарды тірі табу мүмкіндігі, өкінішке қарай, төмен екенін айтып отыр. Қазір таудағы қар жамылғысының тереңдігі төрт метрге жуықтаған.

2 желтоқсанда Шығыс Қазақстанда қар көшкіні адамдар мінген көлікті басып қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: