Беларусь қорғаныс министрлігі ел аумағына Украинаның зымыраны құлағанын мәлімдеді

Әуе қорғанысы күштері, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2022 19:59 Сурет: Telegram/Белорусский силовик
Беларусь БАҚ-тары Әуе қорғанысы күштері Украина территориясынан атылған зениттік С-300 зымыранын атып түсіргенін жарыса хабарлап жатыр, деп хабарлады Zakon.kz.

БЕЛТА мәліметінше, аталған оқиға таңғы 10-11 шамасында болған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

Беларусь президенті Александр Лукашенко жағдайдан қанық, деп атап өтеді БЕЛТА. Ел президенті тергеу комитеті мен қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне орын алған оқиғаның себептерін анықтауды тапсырды.

Беларусь Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, орын алған оқиғаның екі негізгі нұсқасы қарастырылуда: зымыранның Беларусь территориясына қарай бағыт алуы, жақында Польшада орын алған оқиғаға ұқсас болуы мүмкін, ал ол кезде зымыран басқару жүйесіндегі ақауға байланысты басқа бағытқа лағып кеткен. Екінші нұсқа бойынша, зымыран Беларусь Әуе қорғанысы жүйелерінің автоматты жұмысы нәтижесінде атып түсірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: