Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды
Фото: Zakon.kz
Президент Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті ақпарат 2026 жылғы 10 тамызда жарияланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
Президенттің басқа өкімімен 2024 жылғы қыркүйектен бері осы қызметті атқарып келген Қайрат Дәуітов лауазымынан босатылды.
Бүгін, 10 тамызда, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісін де тағайындады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript