Wednesday cериалы Netflix-тің ең танымал сериалдар тізімінің басынан алынып тасталды

Уэнсдей сериалы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2022 10:57 Сурет: pixabay
Комедиялы хоррор Wednesday сериалы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша Netflix рейтингінде екінші орынға түсіп, "Эмили Парижде" фильмінің үшінші маусымына жол берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

FlixPatrol дерегінше, "Алиса в Пограничье" сериалы көру саны бойынша үздік үштікті аяқтады.

Wednesday сериалы 23 қарашада басталды. Сериал рейтингте бір айға жуық уақыт бірінші орынды иеленіп тұрды. Осы уақытта шоу 1 миллиард сағаттан асып түсті. Бұл - Netflix-тің үшінші жобасы болды.

Көпсериалы хикая Аддамс отбасының ересек қызы Wednesdaу-дің өмірін көрсетеді. Ол түрлі дарыны бар студенттерге арналған Nevermore академиясында оқиды. Онда бойжеткен адамдармен араласып, өзінің қабілетін танып, ата-анасымен байланысты кісі өлтіру құпиясын ашады.

21 желтоқсанда ханзада Гарри мен Меган Маркл жаңа Netflix сериалында ойнағаны туралы хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: