Вильнюсте ерекше шырша бой көтерді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2022 15:37 Сурет: Twitter/tixcash
Литва астанасында биылғы жылы Еуропадағы ең ерекше шырша орнатылды. Шырша 700 шырағы бар гирляндалармен безендірілді. Бұл цифр кездейсоқ таңдап алынған жоқ, өйткені Вильнюс қаласы биыл 700 жылдық мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегілер де шыршаны өте әдемі әрі тартымды деп айтып жатыр.

25 метрлік жаңа жылдық шырша бір қарағанда үш қабаттан тұратын тортқа ұқсайды. Диаметрі 22 метрді құрайды. Шыршаның үш қабаты да барокко стиліндегі ақ, жарқыраған әшекейлермен безендірілген.


Көркем композицияның қақ ортасына шырша орнатылып, ол "алтын" түсті ойыншықтармен және түрлі-түсті гирляндалармен безендірілген. Шыршаның төбесі, яғни торт шамы "субұрқақ" стилінде сипатталады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: