Елордада ерекше шырша құрылды
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақмешіт көшесінің бойындағы Нұржол желекжолында эко-шырша құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жасыл түсті эко-шырша толығымен қолмен байланған. Оны құруға 300-ге жуық адам қатысты, олар соңғы бірнеше күнде мастер-класстарда тоқуды үйренген.
Шыршаны құруға қазақстандықтардан бөлек, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, тіпті АҚШ азаматтары қатысты.
Тоқылған шыршаның биіктігі логотиппен қоса есептегенде – 7 метр. 170 мыңға жуық ілмектерден тұрады. Шырша мен оның ойыншықтарын жасауға 400-ден астам иірілген жіп қолданылыпты.
Эко-шыршаның авторы – әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мукушева және Bergen әлеуметтік шеберханасы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript