Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайда бір айда коронавирустан 60 мың адам көз жұмған

COVID-2019, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2023 17:51 Сурет: pixabay
Қытайда 2022 жылдың желтоқсан айының басынан бастап COVID-ке байланысты 60 мыңға жуық өлім-жітім тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай мәлімдеме Қытай үкіметі пандемия жағдайы туралы деректерді жарияламай жатыр деген шағымдардан кейін пайда болды, деп хабарлайды Sky News.

Қытай билігі 2022 жылдың 7 желтоқсанында COVID-ке қатысты қолданыстағы қатаң "нөлдік деңгей" саясатының күшін жойды және осылайша олар аурудың қайта бас көтеруіне ықпал етуі мүмкін.

8 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында ауруханаларда тіркелген өлім-жітім саны 59 938 адамды құрады, марқұмдардың орташа жасы 80,3 жасты құрайды.

Оның 5 503-і COVID-19 инфекциясы салдарынан тыныс алу функциясының тзардап шегуінен, ал 54 435-і инфекциялардың жиынтығы және созылмалы аурулардың қозуынан қайтыс болды, деп хабарлады ҚХР билігі.

Олардың айтуынша, COVID-19 бойынша шұғыл ауруханаларға жатқызу жағдайлары өзінің шарықтау шегіне жетті және бүгіндері коронавируспен ауруханаға түсуші науқастардың саны біртіндеп азайып келеді.

Бұған дейін Қытайдың крематорийлерінде коронавирустың өршуіне байланысты кезектер пайда болғаны туралы ақпарат тараған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: