Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары дарға асылды

Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әли-Реза Әкбар дарға асылды. Оған "Ұлыбританияға тыңшылық жасады" және "сол үшін сыйақы алды" деген айып айыпталған , деп хабарлайды Zakon.kz.
Әли-Реза Әкбарда Иран және Ұлыбритания азаматтығы болған. Оның дарға асылғаны туралы BBC сайты Ирандағы мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлаған.
Әли-Реза Әкбар 2019 жылдан бері қамауда отырған. Оған "Британ барлау қызметіне тыңшылық жасап, сол үшін екі млн доллар сыйақы алды" деген айып тағылған. BBC-дің Иран қызметінің хабарлауынша, Әкбар азапталғаннан кейін тағылған айыпты мойындаған.
Ұлыбритания премьер-министрі, сыртқы істер министрі де мұны жабайы режимнің әрекеті деп бағалап, істің саясиланғанын айтқан. Франция билігі де Иранның бұл әрекетін айыптаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript