Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2024 16:35 Сурет: YouTube/Орталық коммуникациялар қызметі
Қаныш Әбубәкіров ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжат 2024 жылғы 4 қаңтарда Ақордада жарияланды.


"Мемлекет басшысының Өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қаныш Әбубәкіров 1977 жылы 12 ақпанда Түркістан облысында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын бітірген.

Еңбек өтілін 32363 әскери бөлімінің авиациялық-шабуылдау батальонының барлау ротасының барлау тобының командирі болып бастады.

2015-2016 жылдары Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасының Жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы.

2017-2019 жылдары – "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Әуе шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы.

2021 жылдың маусымынан бастап – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас штабының бастығы – Бас қолбасшысының бірінші орынбасары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: