Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қарулы күштері, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 12:16 Cурет: gov.kz
ҚР президентінің өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Білімі:

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі, «Болашақ» стипендиясының иегері (King's London college).

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2012 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ талдаушысы ретінде бастаған.

  • 2013-2015 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде сарапшы болып жұмыс істеді. Кейіннен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас сарапшысы лауазымына қабылданды.

  • 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

  • 2019 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары қызметіне кірісті.

  • 2020 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ІТ даму департаментінің директоры болып тағайындалды.

  • Әрі қарай, ведомствоның ішкі қайта ұйымдастыру нәтижесінде 2020 жылғы 20 қарашадан бастап ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: