Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2026 10:22 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

Тиісті өкімге Президент қол қойды.

Дархан Ахмадиев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасының стипендия иегері атанып, King's College London университетінде киберқауіпсіздік бағыты бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2012 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да аналитик болып бастаған.

2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде сарапшы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бас сарапшы қызметтерін атқарған.

2017-2019 жылдары Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде басқарма басшысы болды. 2019 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2020 жылы осы министрліктің IT дамыту департаментін басқарды.

2022 жылғы 15 сәуірден бастап Дархан Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар 2026 жылғы 21 шілдеде ол "Әділет" партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: