Жаңалықтар тізбегі
0

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 29,6 мыңға жетті

Түркия, жер сілкінісі, Сирия, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 09:15 Сурет: Anadolu Agency
Түркияның 10 провинциясында зардап шеккендер саны 29 605 адамға жетті, апат аймағынан 147 934 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәліметті Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою басқармасы (AFAD) жариялады. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Сирияның Идлиб, Алеппо, Хама, Латакия және Ракка провинцияларында 3,5 мыңнан астам адам қаза тапты.

Түркияның Anadolu агенттігі бұзақылар ұсталғанын хабарлады. Сонымен, сенбі, 11 ақпанда құқық қорғау органдары тонау және телефон алаяқтық жасады деген күдікпен 98 адамды қолға түсірді.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті баллдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: