21 ақпан күні Байден мен Путин мәлімдеме жасайды
Сейсенбі, 21 ақпан күні АҚШ пен Ресей президенттері мәлімдеме жасайды.
20 ақпанда Джо Байден Киевке барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Америка Құрама Штаттарының президенті жаңа әскери көмек пакетін жариялады.
Сонан соң Ақ үй басшысы Польшаның астанасы Варшаваға барады. Онда Байден НАТО-ның шығыс флангының мемлекет басшыларының алдында сөз сөйлейді, ол "Украина халқын қолдау үшін бүкіл әлемнің ауызбірлігі" жөнінде айтады деп күтіліп отыр. АҚШ президентінің сөз сөйлеу уақыты белгісіз.
Сол күні Ресей президенті Владимир Путин Федералдық жиналыста сөз сөйлейді. Путинның баяндамасының мазмұны әлі белгісіз. Кремль басшысы "арнайы әскери операция" туралы айтып, экономика мен ішкі саясат тақырыптарын қозғайды деп күтілуде.
Путиннің үндеуі Мәскеу уақытымен 12:00-де (Астана уақыты бойынша 15:00) басталады.