Байден Путинмен қару-жарақтарды шектеулер жайын талқылауға дайын екенін айтты
РБК-ның мәліметінше, Путин бұған дейін АҚШ-пен жасасқан Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды одан ары қысқарту жөніндегі шаралар туралы шарттан (СНВ-ІІІ) шыға тұратынын жариялаған болатын. Сондай-ақ, ол Қорғаныс министрлігі мен Росатомға Ресейдің ядролық қаруды сынауға дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды, егер оны АҚШ бірінші болып сынайтын жағдайда.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің бұл шешімін өкініш тудыратын қадам деп атады.
Ресей Федерациясы мен АҚШ арасындағы Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды одан әрі қысқарту жөніндегі шаралары туралы келісімшартқа Дмитрий Медведев пен Барак Обама 2010 жылы 8 сәуірде Прагада қол қойды. Ол 2011 жылдың 5 ақпанында күшіне енді.