БҰҰ: Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан 850 мың бала баспанасыз қалды
ЮНИСЕФ балалар қорының мәліметінше, екі елде мыңдаған бала уақытша баспаналарда тұруға мәжбүр. Түркия мен Сирияда 6 ақпанда болған күшті жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз. ЮНИСЕФ сарапшылары мыңдаған бала қиын жағдайда қалып отырғанын және олардың көмекке, соның ішінде психологиялық көмекке зәру екенін атап өтті.
"Жер сілкінісі салдарынан үйін тастап кетуге мәжбүр болған отбасылар төрт апта бойы аман қалуға тырысып келді. Олар дүмпу жалғасып жатқандықтан, зәресі ұшып отырды деуге болады". ЮНИСЕФ Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Афшан Хан
One month on from the devastating earthquakes, millions of people in Türkiye and Syria remain in urgent need of humanitarian assistance.
— United Nations (@UN) March 6, 2023
You can support @UNOCHA's relief efforts: https://t.co/4USQJ9rS9o
pic.twitter.com/AALAFPdZHe
Ұйымның мәліметінше, Түркияда 2,5 миллион бала шұғыл гуманитарлық көмекке зәру. Ал Сирияда 500 мың адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды.
БҰҰ есебіне сәйкес, Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.
6 ақпан күні таңертең екі елде магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі ондаған үйді қиратты.
Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласының әкімі қамауға алынды, басқа провинциялардағы қираған ғимараттардың құрылысына қатысы бар тағы 997 адам ұсталды.