Газада соғыс кесірінен 17 мың бала жетім қалды

Газада соғыс кесірінен 17 мың бала жетім қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2024 10:52 Сурет: wikimedia
Израиль мен Хамас арасындағы соғыс кесірінен 17 мың бала жетім қалған. Бұны Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ агенттігі мәлімдеді.

Осы жеткіншектердің түгелге жуығы ата-аналары мен баспанадан айрылғаннан кейін ауыр психологиялық жарақат алып, ұйқысыздықтан, тәбеттің төмендеуінен зардап шегіп отыр.

Сонымен қатар, балалар үнемі алаңдап, жарылысты естігенде байбалам салады, деп жазады qazaqstan.tv.

Газадағы соғыс қазанның 7 күні хамастықтар Израильдің оңтүстігінде 1200 адамды өлтіргеннен кейін басталды.

Содан бері Израильдің авиациялық соққылары мен жаяу әскер операцияларынан 28 500 астам палестиналық мерт болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: