БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Фолькер Тюрк Қазақстанға келеді

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Фолькер Тюрк Қазақстанға келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 17:41 Сурет: ҚР СІМ
16-17 наурыз аралығында Біріккен ұлттар ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Фолькер Тюрктың Астанаға жұмыс сапары өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фолькер Тюрктың мемлекет және Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, сонымен қатар Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен кездесулері жоспарланған.


"Сонымен қатар Жоғары комиссар биыл атап өтілетін Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік декларацияның 75 жылдығына және Іс-қимыл жоспары бойынша Вена декларациясының 30 жылдығына арналған Қазақ мемлекеттік заң университетінде дәріс өткізеді", - деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

17 наурызда БҰҰ-ның ғимаратында сапардың нәтижелері бойынша қорытынды баспасөз брифингі өтеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: