Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігі дәл ұшып бара жатқанда ашылып кетті

Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігі дәл ұшып бара жатқанда ашылып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 14:41 Сурет: Zakon.kz
26 мамыр күні Оңтүстік Кореяда 213 метр биікте ұшып бара жатқан борттың есігі ашылып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға ұшақ Тэгу қаласына қонайын деп жатқан кезде болған. Бұл туралы CNN жазды. Бортта барлығы 194 адам болған.

Ұшақ есігі ашық күйінде қонды. Қазір полиция 30 жастағы ер адамды тергеп жатыр. Ол апат кезінде шығуға арналған есік жақта отырған және тұтқаны тартып, есікті ашқан.

Ешкім зардап шекпеген, бірақ 9 адам ауруханаға жатқызылды. Шок салдарынан олардың тыныс алуы қиындаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: