Жаңалықтар тізбегі
0

Мәскеуде түнде әскери төңкеріс бола жаздаған

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2023 09:04 Сурет: pixabay
Кремль қарулы төңкеріс әрекеті жасалғанын, осыған байланысты "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағылар әскери көтеріліс жасады. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннің мәлімдемесінен кейін белгілі болды.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, "Вагнер" ЖӘК қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жолдардың бір бөлігі жабылған Ростов облысына басып кіруге ұмтылып жатыр. Ресми түрде Ресей Федерациясының билігі бұл ақпаратты растаған жоқ. 

"РФ ФҚҚ тергеу басқармасы 2023 жылдың 23 маусымында Е.В. Пригожинге қатысты заңды және негізді түрде қылмыстық іс қозғады. Алда оның іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Бұл қылмыс үшін 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", делінген РФ Бас прокуратурасының ресми мәлімдемесінде.

Кейбір Telegram арналардың хабарлауынша, Ростов және Воронеж облыстарының қалалық әкімдіктері азаматтарды үйлерінен шықпауға шақырған. Мәскеуде де қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Алайда баса-көктеп кіру туралы мәліметтер келіп түскен жоқ. 

Сондай-ақ РФ ФҚҚ Евгений Пригожинге қатысты қарулы көтеріліске шақыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: