Еліміздің төрт әскери горнизонда 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған

Бас әскери прокуратура, әскери мүлік, әскери горнизон, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2022 15:57 Сурет: Zakon.kz
Бас әскери прокуратура әскери мүліктің тоналғанын мәлімдеді. Сегіз қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүріп жатқанын атап өтті.

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды.ҚР Бас әскери прокуратурасы

Қадағалаушы орган тергеуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүргізетінін мәлім етті.

Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: