Астаналықтар Башқұртстанға қайта ұша алады
Сурет: Zakon.kz
Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Астана-Уфа бағыты бойынша тұрақты әуе рейстерінің қайта жанданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұшақпен ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту мақсатында Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады.
"Red Wings Airlines әуе компаниясы 2023 жылдың 25 шілдесінен бастап Астана-Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін қалпына келтіреді".ҚГА баспасөз қызметі
Тасымалдау аптасына екі рейс жиілігімен сейсенбі және жұма күндері жүзеге асады.
Бұдан бұрын Azimuth Airlines әуе компаниясы 2023 жылдың 28 маусымынан бастап Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін қалпына келтіретінін хабарлаған едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript