Қазақстандықтар Бакуге қайта ұша алатын болды

Азаматтық авиация комитеті, Баку, Әзірбайжан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 10:47 Сурет: pixabay
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Әзірбайжан Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, "Әзірбайжан Хава Йоллары" әуе компаниясының Баку – Астана және Баку – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта жаңғырту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет таратқан ақпарат бойынша, Әзірбайжан әуе компаниясы

  • осы жылдың 10 наурызынан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі, сенбі күндері);
  • жылдың 11 наурызынан бастап Баку – Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, жексенбі күндері) тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер А-319/Е-190/Б-757 типті әуе кемелерінде орындалады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: