Ресейдің Магадан облысында қар жауды
Сурет: pixabay
Магадан облысының орталық бөлігінде 37 градус ыстықтан кейін қар жауды. Қар дүйсенбі, 10 шілде күні жауды, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 шілде күні таңертең Магадан облысында қар жауды. Бірер күн бұрын синоптиктер мен құтқарушылар облыс тұрғындарына нөсер жаңбыр жауып, жолдарды су шайып кетуі мүмкін екенін ескерткен еді, деп жазды РИА Новости.
Ресейдің Магадан облысы бойынша гидрометеорологиялық орталығының хабарлауынша, жазда бұл аймақта жыл сайын қар жауады деуге болады.
"Шынымен Магадан облысының орталық аудандарында жыл сайын дерлік жазда, соның ішінде шілдеде қар жауады. Биыл аймақта 37 градустан жоғары аптап ыстық болды. Қазір ауа температурасы нөлдік мәндерге дейін төмендеді", – дейді синоптиктер.
Павлодарда 2023 жылы 7 шілдеде жауған нөсер жаңбыр төтеншеліктерді әуреге салды. Қаладағы жолдың жүру бөлігін, көпқабатты тұрғын үйлердің көшелері мен аулаларын су басты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript