Садыр Жапаров төтенше жағдай туралы: Біз тек Энергетика министрлігінің құзіретін кеңейтеміз
Сурет: akorda.kz
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров энергетика саласына төтенше жағдайдың енгізілу себебін түсіндірді. Елде төтенше жағдай 2026 жылға дейін енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, төтенше жағдай жоқ. Бұл жарлықпен билік энергетика министріне әртүрлі жағдайларда жылдам шешім қабылдауға құқық беріп отып, деп мәлімдеді Кабар.
Министр энергия өндіруге қатысты мәселелерді үйлестіреді және жергілікті билік органдар мен министрліктің облыстық бөлімдері басшыларының орынбасарларына тапсырмалар беруге құқылы.
"Сондықтан ол энергетика саласындағы жағдайды бақылап, қажет болған жағдайда маңызды шешімдерді жедел қабылдай алады. Бұған дейін министр басқа органдарға тікелей тапсырма бере алмайтын, сондықтан энергетика саласындағы мәселелерді шешуге көп күш кететін әрі аяқталмай қалатын. Бүгінгі күні бізде жарты жылдан астам уақыттан бері ведомстволар арасында талқыланып келе жатқан мәселелер бар. Сондықтан жарлықта қарастырылған шаралар проблемалық мәселелерді тез арада шешуге бағытталған". Садыр Жапаров
Сондай-ақ Президент 2026 жылға дейін жоспарға сәйкес Қырғызстанда бірқатар шағын су электр станцияларының құрылысы аяқталуға тиіс екенін айтты. Осының арқасында Қырғызстанда электр энергиясын өндіру көлемі артады. Бірақ бұл жобаларды іске асыру үшін Энергетика министріне тиісті өкілеттік берілуі керек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript