Жаңалықтар тізбегі
0

Отбасымызға сабақ – Садыр Жапаров жиенінің тұтқындалуы туралы

Президенттің жиені Ұлан Жапаровқа Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша айып тағылып отыр. Істі Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметі тергеп жатыр., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 16:52 Сурет: wikimedia
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров журналистерге жиенінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Ол бұл жағдайдың "қалған туыстарына сабақ болатынын" мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Садыр Жапаровтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күресте ішкі және сыртқы адамдар жоқ. Заңды бұзғаны үшін сотталғандардың барлығы мемлекеттің бірінші тұлғаларымен туыстық дәрежесіне қарамастан жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды 24.kg.


"Қазір заман басқа. Барлығына бірдей қарайды. Жемқорлықпен айналыссаң қамауға алынасың. Мемлекетке келтірілген шығынды екі еселеп өтесең, бостандыққа шығасын. Әйтпесе түрмеге жабыласың. Мен араласып, осы адамды қамауға болмайды десем, қалғандары да заң бұза бастайды. Қырғыздарда жақсы сөз бар: "Бір жаза мыңдаған адамға сабақ". Садыр Жапаров

Президенттің жиені Ұлан Жапаровқа Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша айып тағылып отыр. Оны қазір Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметі тергеп жатыр.

Ұлан Жапаров – Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: