Таиландтан келген екі қазақстандықтан денге безгегі анықталды
Otyrar.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шымкент әуежайында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйелі түрде өтіп жатыр. Жолаушыларға үрейленбеу туралы ұсыныс айтылды. Егер инфекция анықталса, бортсерік нұсқауларға сәйкес әрекет етеді.
"Компанияның тиісті бөлімшелеріне арналған нұсқаулықтары бар. Онда науқастану кезіндегі іс-әрекеттер сипатталады. Сонымен қатар бортсеріктер жыл сайын жұқпалы аурулар кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығулардан өтеді. Оған қоса мұндай жағдайдан кейін ұшақ дезинфекцияланады", - деді Air Astana АҚ корпоративтік коммуникациялар менеджері Тілек Әбдірахымов.
Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Гүли Кембаеваның айтуынша, қазір науқастарды дер кезінде анықтау және оларға медициналық көмек көрсету мақсатында барлық шара күшейтіліп жатыр. Санитар пункттерде қашықтан бақылап, шетелден келгендердің бәрінің дене қызуы өлшенеді.
Денге безгегі – адамға маса арқылы берілетін вирустық инфекция. Ол тропиктік және субтропиктік климаты бар аймақтарда жиі кездеседі. Денгемен ауыратын науқастардың көбі симптомсыз немесе жеңіл белгілері болады және екі апта ішінде жақсарады. Сирек жағдайларда денге ауыр болып, өлімге әкелуі мүмкін.
"Барлығына қорғаныш киімін киюді, маса шақпас үшін одан қорғау құралдарын қолдануды, терезелер мен есіктерді жабуды, масалармен күресуді және аздаған белгілер болса, дәрігерге көрінуді ұсынамыз".Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гуля Кембаева
Санитар дәрігерлер еске салады: шетелге шықпас бұрын елдің эпидемиологиялық жағдайын зерттеп, мүмкіндігінше қажет екпелерді алу керек.