Эквадорда сайлауға бір апта қалғанда екінші саясаткер қаза тапты
Сурет: pixabay
Эквадорда Эсмеральдас провинциясында "Азаматтық революция" саяси қозғалысының жетекшісі Педро Брионес өз үйінің жанында адам қолынан қаза тапты. Бұл жөнінде саясаткердің партияластары мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саясаткерге қастандық елдегі президенттік бәсекенің басталуына бір апта қалғанда жасалып отыр. Қайғылы жағдайдың мән-жайы айтылмады, деп жазды News.ru.
Эквадорда сайлау 20 тамызға белгіленген.
10 тамызда Эквадор президенттігіне үміткер Фернандо Вильявисенсио сайлауалды митингі кезінде өлтірілді. Бұл жағдай Кито қаласында болды. Басына үш рет оқ тиген саясаткер оқиға орнында көз жұмды. Тағы сегіз адам жарақат алды. Олардың жетеуі ауруханаға жатқызылды.
Осыдан кейін Эквадордың қазіргі президенті Гильермо Лассо 60 күнге төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Ол бүкіл ел бойынша қарулы күштерді жұмылдыруды қарастырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript