Румынияда миналар залалсыздандырылып жатыр
Сурет: polisia.kz
Румыния Қара теңіз жағалауын минадан тазартуға кеме мен тікұшақ жөнелтті.
Мұндай шешімнің қабылдануына жуырда ғана болған Костинешть курортындағы жарылыс себепші.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Айта кетсек, былтырдан бері Украина мен Ресей әскері теңізге де мина тастай бастаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Сол снарядтар енді Румыния, Болгария мен Түркия жағалауларына жетті.
Жарылғыш заттар әсіресе мұнай мен мұнай өнімдерін және астық тасымалдайтын кемелерге қауіп төндіріп тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript