Елімізге алыс шетелден келген әр турист орта есеппен 1500 доллар табыс әкеледі

Елімізге алыс шетелден келген әр турист орта есеппен 1500 доллар табыс әкеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 09:36 Сурет: Алматы әкімдігі
Былтыр Қазақстанда туристік қызметтен рекорд көрсеткіші байқалған. Елімізге былтыр бір жылда 389 миллиард теңге салық түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк берген ақпаратқа сенсек, Қазақстанға алыс шетелден келген 1 турист орта есеппен 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі. Әр шетелдік турист 2 жұмыс орнын ашуға себеп болады.

Мәдениет және спорт министрлігінің берген дерегінше, былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Нәтижесінде туристік қызметтен түскен салық мөлшері 389 миллиард теңгеге дейін жетіп, рекорд нәтижесі тіркелді. Оның ішінде еліміздегі орналастыру орындары 183 млрд теңге табыс тапты.


"Қазақстанда кейінгі екі жылда туризм саласында жұмыс істейтіндердің саны айтарлықтай өсіп, 500 мыңға жуықтады. Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға дейін туризм саласында 800 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр", - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: