Жаңалықтар тізбегі
0

Ыстамбұлда толассыз жауған жаңбырдан бір ауданды, метро мен кітапхананы су басты

Ыстамбұлда толассыз жауған жаңбырдан бүкіл аудан, метро мен кітапхананы су басты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 09:58 Сурет: видеодан скриншот
Түркияда нөсер жаңбыр бірден бірнеше провинцияны басып қалды. Табиғи апаттан Башакшехир ауданы қатты зардап шекті. Мұнда су арнасынан асып, бірнеше көлікті тасқын ағызып кеткен. Жаңбырдан метро станциясы мен кітапхананы да су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде лай су көліктер, су басқан ғимараттар түсірілген видеоларды жариялап жатыр. Құтқарушылар Ұлттық кітапханадан студенттер мен қызметкерлерді эвакуациялап, аудан әкімшілігі ғимаратына жеткізді.

Ыстамбұл билігі су тасқыны салдарынан бір адамның қаза тапқанын хабарлады. Мэр Экрем Имамоглу жақын арада шұғыл мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, билік мұндай жаңбыр жауады деп күтпеген. Кейбір аудандарда бірден шаршы метрге 150 келі жаңбыр жауған. Апат салдарын жою үшін 2,1 мыңнан астам қызметкер жұмыс істеп жатыр.

Жауын-шашын салдарынан бір метро станциясы, Каяшехир жабық күйінде қалды. Ал қала орталығындағы Эйуп фуникулері - Пьер Лоти де жұмысын тоқтатты. Сонымен қатар Ыстамбұл әуежайының маңындағы туннельді су басқан. Соның салдарынан бірқатар жолаушы рейстеріне кешігіп қалуы мүмкін екені хабарланды.

2022-2023 жылдары Түркияда табиғи апаттар болды. Республиканың бірнеше өңірі жер сілкінісінен, орман өртінен, құрғақшылықтан зардап шекті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: