Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстанда зейнетақы салымын тұрғын үй сатып алуға пайдалануға рұқсат беру ұсынылды

Қырғызстанда зейнетақы салымын тұрғын үй сатып алуға пайдалануға рұқсат беру ұсынылды Сурет: freepik
Депутат Бақтыбек Чойбеков азаматтарға жеке құрылыс компанияларынан баспана алу кезінде зейнетақысының жинақталған бөлігін пайдалануға рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жұмыс істейтін азаматтың мемлекеттік зейнетақы қорына төлеген 2%-ын баспана салу үшін бастапқы жарна ретінде пайдалануға болады. Бүгінде баспана сатып алу көбі үшін өткір мәселе болып отыр, деп хабарлайды 24.kg.

"Мемлекеттік ипотекалық ұйымға (МБК) 70 мың азамат жүгінді, бірақ компания олардың тек 8 мыңына ғана қарыз қаражат берді. Қалғанын не істеу керек? Мен азаматтардың жинағын бастапқы жарна ретінде пайдалануға рұқсат беретін заңға өзгертулер енгізуді ұсынамын. Бұл - олардың көп жыл еңбегімен жинаған өз қаражаты. Оларды қайда, қалай пайдалана алатынын бақылауға, айтуға құқымыз жоқ".Бақтыбек Чойбеков

Әлеуметтік қор төрағасының орынбасары Гүлнұр Жұматаева заң жобасы қабылданғанда болуы мүмкін қауіп-қатерге тоқталды.

"Егер азаматтар Мемлекеттік сақтандыру комитетінен несие алғысы келсе, онда біз олардың жинағын бастапқы жарна ретінде пайдалануға немесе ипотекасын өтеуге мүмкіндік береміз. Бүгінде 4 мың 115 азамат жинақтаушы зейнетақы қорынан 720 млн сом алған. Ипотекасын төлеп жатыр... Құрылыс компаниялары көп, бірақ салықты адал төлеп жүргендер 20 шақты ғана. Қалғаны көлеңкеде, соттасып, ақшасын қайтара алмай жүргендер қаншама? Әлеуметтік қор оларды бақылай алмайды. Бізге алданған адамдар келеді. Сонымен бірге зейнетақы жүйесінен барлығының қаражаты алынып қалу қаупі бар".Гүлнұр Жұматаева

Бақтыбек Чойбеков министрлер кабинеті азаматтарды алаяқтықтан қорғау үшін құрылыс фирмаларына бақылау тетіктерін әзірлеуі керек деп жауап берді.

Қырғызстанда сақтандыру жарналары 27,25%-ға тең. Олар жұмыс берушілер мен қызметкерлер санаттарына бөлінеді. Жұмыс беруші мемлекетке аударылатын жарналардың 17,25%-ын жасайды. Оның 15%-ы зейнетақы қорына, 2%-ы Міндетті медициналық сақтандыру қорына және 0,25%-ы Еңбекшілердің денсаулығын қорғау қорына аударылады.

Қызметкер 10%-ын төлейді: Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына 2%, зейнетақы қорына 8%. Азаматтардың зейнетақысы осы бөліктерден тұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: