БАҚ: Ливиядағы су тасқынынан 2 мыңға жуық адам қаза тапты
Билік ең қатты зардап шеккен Дерна қаласын апат аймағы деп жариялады. Шенеуніктер электр қуаты мен байланыс үзілгендіктен қалаға кіру мүмкін болмай қалғанын айтты.
Елдің әскери өкілі баспасөз мәслихатында Дермадағы қатты су тасқыны салдарынан 1200 адам зардап шеккенін айтты.
Al Jazeera су тасқынынан әскерилер өкілі айтқандай 2000 емес, 150 адам көз жұмғанын жазды. Бұл статистиканы Бенгазидегі Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Кайс Факери келтірді. Олардың мәліметінше, 6 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалған деп саналып отыр.
Шенеуніктің сөзінше, Әл-Мардж, Суса, Шахат және Әл-Байда қалаларында да бірнеше адам қайтыс болған.
"Бүтіндей кварталдар тұрғындарымен бірге қирады", – деді Ливия әскери ведомствосының басшысы.
Libya 🇱🇾
— Jeathro Abdul Jamyle 𝕏 (@TodayMakeTawbah) September 11, 2023
2000 people are dead in Libya and hundreds are missing due to floods..
May Allah aid them pic.twitter.com/s7kyGZs27S
🚨| BREAKING! Libya 🇱🇾 is going through severe flooding may Allah ease their affairs. the number of deaths from the flood exceeded 2000 people. May Allah protect whole ummah. pic.twitter.com/ZSYd4y3usX
— Allah Islam Quran (@AllahGreatQuran) September 11, 2023
Associated Press агенттігінің мәліметінше, Солтүстік Африканың бұл еліндегі жойқын су тасқынына Жерорта теңізіндегі "Дэниел" дауылы себеп болған. Ол кварталдарды түгелдей шайып кетті, жағалауда орналасқан бірнеше қаладағы үйлерді қиратты.
Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлар үрей туғызады.
WATCH: Catastrophic flooding hits Derna, Libya after dams collapse during Storm Daniel, more than 2,000 people feared dead pic.twitter.com/WP7LquuOCa
— BNO News (@BNONews) September 12, 2023
Қаладағы су деңгейі үш метрге көтерілді.