Жаңалықтар тізбегі
0

NASA 2023 жылдың жазын "ең ыстық жаз" деп мәлімдеді

NASA 2023 жылдың жазын "ең ыстық жаз" деп мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2023 10:40 Сурет: Zakon.kz
NASA 2023 жылдың жазы 1880 жылдан бастап Жер тарихындағы ең ыстық жаз болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нью-Йорктегі NASA-ның Годдард ғарыштық зерттеулер институтының ғалымдары маусым, шілде және тамыз айларын қоса алғанда, ғарыш агенттігінде тіркелген кез келген басқа жазға қарағанда орташа есеппен 0,41 градус ыстық болғанын анықтады. Бұл туралы UPI жазды.

"2023 жылдың жазындағы рекорд температура - бұл жай ғана дерек емес. Оның әлемде нақты ауыр зардаптары бар. Аризонадағы және бүкіл елдегі қатты ыстық толқындардан Канададағы орман өрттері мен Еуропа мен Азиядағы төтенше су тасқынына дейін төтенше ауа-райы адамдардың өміріне қауіп төндіреді".NASA әкімшісі Билл Нельсон

Нельсонның айтуынша, қазір байқалып отырған климат өзгерістерінің салдары Жерге және болашақ ұрпаққа қауіп төндіреді. Бұл әсерлерге осы жазда жер шарының көп бөлігіндегі ерекше қатты ыстық толқындар, соның ішінде АҚШ, Оңтүстік Америка, Еуропа және Жапониядағы қатты ыстық толқындар кіреді. Канада мен Гавайидегі өлімге себеп болған орман өрттері, сонымен қатар Италия, Греция және Орталық Еуропадағы өте қатты жауын-шашын да климаттың өзгеруінің салдарымен байланысты болуы мүмкін.

Жердегі ауа температурасын өлшеу үшін NASA ондаған мың метеостанциялардың дерегін, сонымен қатар кемелер мен қалқымалардан алынған теңіз бетіндегі температура дерегін пайдаланады.

Кейінгі 40 жылдағы АҚШ-тағы климат апаттарының қаржылай шығыны 2,6 триллион доллардан асты. Тек 2023 жылы Америка құрама штаттарында 23 расталған климат апаты болды, 253 адам қаза тапты және әрқайсысы бір миллиард доллардан астам шығынға ұшырады.

NASA деректері Еуропалық Одақтың қыркүйек айында жүргізген климат шолуына сай келеді. Климаттың өзгеруі жөніндегі Copernicus қызметі шілдені ең ыстық ай, одан кейінгі ең жылы ай тамыз деп көрсетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: