NASA Айға ұшу миссиясын 3 қыркүйекке шегерді
Айға ұшқышсыз ұшу аясында зымыран ұшыру 3 қыркүйекте жүзеге асырылады. Бұл туралы Artemis бағдарламасының жетекшісі Майкл Сарафин мәлімдеді, деп жазады «Известия».
Іске қосу терезесі 3 қыркүйек күні EST 14:17-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4 қыркүйекте 00:17) ашылады.
Бұған дейін миссияның ұшырылуы 2 қыркүйекте болады деп болжанған болатын. Сарафиннің мәліметінше, ұшыруға ешқандай кедергі болған жоқ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жоспарларды өзгертуге тура келді.
Сондай-ақ, SLS бағдарламасының менеджері Джон Хоникатт дүйсенбіде сутегінің ағып кетуін анықтағаннан кейін инженерлер қозғалтқыштардың жағдайын тексеріп, ешқандай зақым келмегенін атап өтті.
Мамандар ағып кетуді тез арада жойғанына қарамастан, бұл жағдай миссияны ұшыруды тоқтатуға себеп болды. NASA директоры Билл Нельсон мұндай ақауларды елеулі және Ай бағдарламасына қауіп төндіретін нәрсе деп санамайтынын айтты.
20 тамызда NASA ғарышкерлерді Айға қондыру үшін ықтимал аймақтарды таңдағаны белгілі болды. Барлық 13 жер Айдың оңтүстік полюсіне жақын орналасқаны нақтыланды.
Артемида I миссиясының бөлігі ретінде ғарыш кемесі Айды айналып, Жерге оралады. Оның миссиясы 42 күнге созылады.