NASA-ның жаңа басшысы АҚШ-тың Айға қатысты ауқымды жоспарларын жариялады
Сурет: pixabay
NASA-ның жаңа басшысы Джаред Айзекман АҚШ-тың Ай бетінде өз базасын салу ниеті бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазып, америкалық ғарыш бағдарламасының жаңа стратегиялық мақсатын қысқаша атап өтті.
"Біз Айда база салуды жоспарлап отырмыз", – деп жазды Айзекман.
АҚШ Сенаты Джаред Айзекманды NASA басшысы қызметіне 18 желтоқсанда бекітті. Оның кандидатурасын АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынып, Айзекманды көрнекті кәсіпкер, меценат, ұшқыш әрі астронавт ретінде сипаттаған.
Бұған дейін Эйфель мұнарасы маңында отшашу атқандар жаппай ұсталып жатқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript