Жаңалықтар тізбегі
0

Бес жыл жиенін бағып-қаққан әжей ақы сұрап, қызы мен күйеу баласын сотқа берді

Әжей, немере, қызы мен күйеубаласы, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 19:54 Сурет: pixabay
Сот ер адам мен оның әйеліне бес жыл бойы баласын баққан аналарына 11 300 доллар көлемінде ақы төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дуань есімді әже жиенін (қызының баласын) 2018 жылдың ақпанынан 2023 жылдың шілдесі аралығында бес жыл бойы қарап, мәпелеп өсірген, деп хабарлайды SCMP.

Чэнду қаласында жұмыс істейтін Ху мен оның күйеуі жас баланы қарауға уақыты болмаған. 

Дуань ұл баланы 2018 жылдан бастап өз қарауына алған. Ал қызы мен күйеу баласы оған ай сайын 135 доллар шәкіртақы мен бала күтіміне деп 277 доллар жіберіп отырған.

Бес жыл бойы жиенін бағып-қаққан Дуанның ешқандай шағымы болмаған. Шілде айында ол өзінің еңбегі тиісті түрде елеп-ескерілмеді дегенді алға тартып, көбірек өтемақы талап ете бастаған. Ол жас жұбайлардан 26 мың доллар төлеуді сұраған. 

Ху анасы тым көп ақша сұрады деп санайды. Бұл мәселені күйеуімен де талқыламастан Ху анасына 6,8 мың доллар төлеуге уәде беріп, келісімге қол қояды.

Бірақ Ху уәдесінде тұрмай, анасын жалбарынтып қояды. Содан кейін Дуань ерлі-зайыптыларды сотқа берді.

Сот Дуанның заң бойынша бала қарауға міндеті емес екенін нақтылады, сондықтан оған ерлі-зайыптылардың бала күтімі үшін сыйақы төлеуі орынды деп шешті. Алайда сот Дуанның талап еткен сомасын тым жоғары деп тауып, оны 11,3 мың долларға дейін түсірді.

Чжу есімді күйеубала Дуанның аяқ-асты шала бүлінуіне қызымен өзінің ажырасып жатқандығы себеп екенін айтады. "Сондықтан бұл арада көзделген нысан - жас жұп емес, менің өзім ғана", - дейді ол.   

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: