Жаңалықтар тізбегі
0

Түркия Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысқа араағайындық жасауға дайын екенін жеткізді

Израиль, ХАМАС, ЦАХАЛ, соғыс, Палестина, Түркия, араағайындық, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 10:46 Сурет: wikimedia
Түркия дипломатиялық арналар арқылы Израиль мен Палестинаға қақтығысты реттеуде делдал болуға, оның ішінде осы елдер басшыларының кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новостидің ақпарат көзінің мәлімдеуінше, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израиль және Палестина басшыларымен телефон арқылы сөйлескен.

Ердоған тараптарды атысты тоқтатып, келіссөздерді қайта бастауға шақырды.

Анкара сондай-ақ тараптарға кез келген медиация түрін, соның ішінде көшбасшылар кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді. Анкараның дипломатиялық өкілдігі де қақтығысты шешу үшін Батыс елдерімен сөйлесіп жатыр.

7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымыранмен шабуыл жасалды. ХАМАС жауынгерлері зымыранмен жаппай шабуылдардан кейін Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға енді.

Палестиналық ХАМАС қозғалысының әскери қанаты Израильге қарсы "әл-Ақса тасқыны" операциясын жариялады. Израиль қорғаныс күштері Газа секторында Хамасқа қарсы "Темір қылыштар" операциясын бастағанын хабарлады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху халыққа үндеуінде елдің соғыс жағдайында екенін айтып, резервисттерді кеңінен жұмылдыруды тапсырғанын айтты. Израиль әскері елді мекендерді тазартуға кірісіп кетті.

Израиль-Палестина қақтығыстарының шиеленісуі салдарынан қаза тапқан израильдік тұрғындардың саны 900-ге жетті. Палестина денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Израильдің Газа секторына жасаған соққылары салдарынан қаза тапқандар саны 687 болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: