Сергей Лавров Ресейдің Украина бойынша мәміле жасауға дайын екенін мәлімдеді

Сергей Лавров Ресейдің Украина бойынша мәміле жасауға дайын екенін мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 10:45 Сурет: РФ СІМ
2025 жылғы 25 сәуірде Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің қақтығысты бейбіт жолмен реттеу бойынша түрлі ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS News арнасына берген сұхбатында Лавров "белгілі бір элементтерді" аяқтау керек екенін айтты. Дегенмен министр нақты қандай мәселелер екенін жасырып қалды. Сондай-ақ, ол Ресей батыс елдерінің ұстанымын мұқият қадағалап отырғанын және олардың тарапынан сындарлы көзқарасқа үміттенетінін атап өтті.

Лавровтың басты мәлімдемелері:

  • Ресей Украина аумағында тек әскери нысандарға немесе әскерилер пайдаланатын объектілерге соққы жасап жатыр.
  • Дональд Трамп Украинаны реттеу бойынша келіссөздердің дұрыс бағытта жүріп жатқанына сенеді.
  • Трамп — украин дағдарысының түпкі себептерін жоюдың маңыздылығын түсінетін әлемдегі жалғыз көшбасшы.
  • Ресей АҚШ-пен қақтығысты реттеу бойынша байланыста болуды жалғастыруда.

Бұған дейін Трамп Зеленскийді Ресеймен келіссөздерден бас тартқаны үшін сынға алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: