Жаңалықтар тізбегі
0

Израиль мен Палестина: екі жақтан қанша адам қырылды

Израиль мен Палестина: екі жақтан қанша адам қырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 09:40 Сурет: unsplash
Израиль мемлекетінің ұлттық құтқару ұйымының мәліметі бойынша, елдегі содырлармен қақтығыс кезінде 1200-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен бірге 3400-ден астам адам жараланған, жүздеген адам тұтқынға алынды және хабар-ошарсыз кетті деп саналады.

Екінші жағынан, Израильдің әуе шабуылдарынан кейін Газада 900-дей адам қаза тауып, 4500-дей адам жарақат алды.

Израиль қорғаныс күштері Газа секторымен 48 сағат шиеленістің ішінде 300 мың резервті мобилизациялады. Саны бойынша бұл осындай кезеңдегі рекорд болды.

9 қазан күні кешке Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторын Израиль жағынан толық блокадаға алғанын хабарлады.

Air Astana рейсі Тель-Авивтен ұшып, Ақтауға қонды. Содан кейін 10 қазанда Алматыға келді. Ұшақ бортында 166 жолаушы, оның ішінде екі сәби болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: