Израиль әскери үкімет жасақтауға бекінді

Биньямин Нетаньяху, Израиль, әскери үкімет, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 21:25 Сурет: Twitter.com/netanyahu
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ұлттық бірлік үкіметі жасақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Times of Israel мәліметінше, Израильдың бірлескен партиялар коалициясының жетекшілері бұл ұсынысты қолдаған. Сондай-ақ, экс-қорғаныс министрі Бенни Ганцтың "Ұлттық бірлік" оппозициялық партиясының төтенше Үкіметке қосылуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Бұған дейін Израиль аумағында содырлармен қақтығыс кезінде 1200-ден астам адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ 3 400-ден астам адам жарақат алды, жүздеген адам тұтқынға алынған, хабар-ошарсыз кеткендер санатына жатқызылған. 

Израиль тарапы әуе шабуылдарымен жауап қайтару кезінде Газа секторында шамамен 900-ге жуық адам қаза тауып, 4 500 адам жарақат алды.

Израиль қорғаныс армиясы (IDF) Газа секторымен арадағы 48 сағаттық шиеленіс кезінде 300 мың резервтегі әскерилерді шақыртып алды, бұл екі тәулік үшін рекордтық көрсеткіш болып табылады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: