Жаңалықтар тізбегі
0

Таяу Шығыстағы соғыс: Мысыр гуманитарлық дәліз ашады, Израиль Газаға су жеткізе бастады

Палестина, Газа секторы, Израиль, Мысыр, гуманитарлық көмек, , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 09:37 Сурет: Zakon.kz
Дүйсенбі күні таңертең Мысыр Газа секторына гуманитарлық дәліз ашуды көздеп отыр, сол арқылы блокталған аймаққа шұғыл көмек жіберіледі. Бұдан бөлек Израиль секторды сумен қамти бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жүздеген тонна гуманитарлық көмек Мысыр билігі жауып тастаған Газа шекарасында бөгеліп тұр, деп жазды Reuters. Мысырлықтар шекараны 16 қазан күні таңертең ашуға уәде берген.
"Рафах қайта ашылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Мысыр, Израиль және басқалармен бірігіп, біз көмек алу және оны мұқтаж адамдарға жеткізу механизмін жасап жатырмыз", – деді кеше АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.
Энтони Блинкен бекеттің ашылатын уақытын нақтыламады. Дегенмен шетелдік палестиналықтар дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-дан бастап Мысыр шекарасынан өте алады. Бұл мәлімдемені Палестина билігі жасады, деп жазды NBC News.

Ал Израиль қоршаудағы Газа секторына су беруді бастауға ниетті екені белгілі болды, бұған дейін электр қуаты мен су беру тоқтатылған, сонымен қатар Израиль тарапынан жанар-жағармай импортталады, деп хабарлады NBC News. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ және кейбір елдердің өкілдері бірнеше рет Газаны қоршауды тоқтатуға  шақырды.

Соңғы мәлімет бойынша, Газаға жасалған шабуылдар салдарынан қаза тапқандар саны 2,4 мыңнан асты.

Араб-израиль қақтығысы 7 қазанда ушыға түсті. Артынша ХАМАС содырларының Израильге шабуыл жасауға 2022 жылдан бері дайындалып келгені белгілі болды. Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылдары салдарынан кем дегенде 2329 палестиналық қаза тауып, 9714-і жараланғаны хабарланды. Израильде қаза тапқандар саны 1300, жараланғандар 3400-ден асады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: