Барлығы 19: Израильден Қазақстанның тағы 15 оқушысы елге қайтты
Сурет: primeminister.kz
Израильдегі Қазақстан елшілігі елден ұшу және әуе билеттерін сатып алу бойынша үйлестіру жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте айтты деп хабарлайды Zakon.kz.
Израиль мен Палестинадағы саяси-әскери жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын қақтығыс аймағынан шығару бойынша шаралар қабылдап жатыр. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстанның Израильдегі, Мысырдағы, Иорданиядағы елшіліктері жұмылған.
"16 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанның Израильдегі елшілігіне 100-ден астам Қазақстан азаматы елден кетуге жәрдем көрсету туралы өтініш жасады. Оның бір бөлігі Қазақстанның дипломаттарының көмегімен елден кетіп қалды. Кеше Қазақстанның Израильдегі елшілігінің көмегімен 19 азаматымыздың, оның ішінде арнайы бағдарламамен оқыған 15 оқушының ұшып шығуы ұйымдастырылды. Азаматтарымыздың қауіпсіз кетуін қамтамасыз ету мақсатында дипломаттар балаларды Израильдың түрлі аймағынан әуежайға дейін жеткізуді жүзеге асырды", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның сөзінше, Израильдегі Қазақстан елшілігі елден ұшу және әуе билеттерін сатып алу бойынша үйлестіру жұмысын жалғастырып жатыр.
Еске салайық, Тель-Авивтегі халықаралық әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript