Тоқаев Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 10:07 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады.

"Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі саналатын Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастығымыз алдағы уақытта нығая түсетініне кәміл сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Ван дер Белленнің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Аустрия халқына құт-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: