Сыртқы істер министрлігі Газадағы қазақстандықтарды қайтару қалай жүргізіліп жатқанын айтты
Сурет: wikimedia
Сенат отырысында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Газа секторынан қазақстандықтарды қайтару жұмыстарының қалай жүріп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыртқы істер министрлігінің өкілі қазір Газа секторынан бейбіт тұрғындардың босатылмай жатқанын еске салды.
"Біздің елшілік өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Жалпы жағдайды түсінуіңіз керек. Газа секторына кіру мүмкін емес. Бүгінде жалғыз өткел бар - Рафах. Қазір ол жабық. Ол жерден бейбіт тұрғындар өтпейді. Израиль тарапынан жүйелі түрде атқылауға ұшыраған аймақ болғандықтан жұмыс істеу қиындап жатыр. Сондықтан біздің тарапымыздан дипломатиялық өкілдіктер Газада жүрген азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Біз азаматтарымыздың осы аймақтан кетуін қамтамасыз ету үшін үкімет, осы аймақтағы басқа да шенеуніктермен бірге Мысырмен жұмыс істейміз".Қайрат Омаров
Оның айтуынша, қазір бұл мәселемен 45 мемлекет айналысып жатыр. Бірақ әзірге бұл аймақтан бірде-бір азамат кетпеді. Ол бейбіт тұрғындарға Газа секторынан шығуға қашан рұқсат берілетіні туралы болжам жасаудан бас тартты.
"Бұл бізге емес, қорғаныста тұрған және ешбір елдің азаматтарының Газа секторынан кетуіне жол бермейтін мемлекеттерге байланысты".Қайрат Омаров
Сыртқы істер министрлігінің өкілі әзірге мүмкін болатын жалғыз нәрсе гуманитарлық көмек көрсету екенін айтты. Бүгінде гуманитарлық жүк тиеген жүк көліктері Газа секторына кіріп жатыр. Азаматтарды шығару бойынша келіссөздер әлі де жалғасып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript