Израиль армиясы ХАМАС командирі жойылғанын хабарлады
ЦАХАЛ-дың Telegram-да жариялаған хабарламасына сүйенсек, Израиль әскерилері соғыс ұшақтары мен ұшқышсыз ұшақтарды қолдана отырып Газа секторының орталық бөлігінде бірнеше рет жерүсті рейдін жүргізген. Израиль армиясының мәлімдеуінше, әскерилер ХАМАС-тың командалық пункттері мен танкке қарсы зымыран ұшыру пункттерін қоса алғанда, бірнеше нысанды "анықтап, соққы берген".
Израиль армиясы топ батальондарының бірін басқарған ХАМАС қолбасшысы Мадхат Мубашардың жойылғанын хабарлады. Небәрі соңғы 24 сағаттың ішінде Израиль әскерилері Газа секторындағы 250-ге жуық нысанды, оның ішінде ондаған содырды жойды.
24 қазан күні таңертең Израиль армиясы Газа секторында әуе шабуылдары жүргізіліп, ХАМАС содырларының бірнеше жетекшісі қаза тапқанын хабарлады. Израиль армиясы толық ауқымды құрлық операциясы алдында Газаны атқылауды күшейтті.
23 қазанда Израиль армиясы Газа секторының солтүстігінде бірнеше шектеулі рейдтер жүргізіп, жерүсті әскери қимылдарын бастады. Бұл операцияға жаяу әскерлер мен танктер қатысты.
Палестиналық ХАМАС содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасады. Олар бірнеше шекаралық елді мекендерді басып алып, жүздеген адамды өлтіріп, тағы жүздеген адамды кепілге алды. Израиль қорғаныс күштері содырларды өз аумағынан қуып шығып, Газа секторына күшті соққы беріп, оны қоршауға алды. Палестиналықтар мен Израиль арасындағы ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан қақтығыс бұл жолы ең қанды қырғынға айналды.