Қазақстан Таяу Шығысқа бітімгер күшін жібере ме

Қазақстан Таяу Шығысқа бітімгер күшін жібере ме, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 20:36 Сурет: akorda.kz
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәжіліс алаңында Қазақстанның Таяу Шығысқа бітімгер күшін жібере алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Газа секторы Қазақстаннан көмек сұраған-сұрамағанын сұрады.

"Жоқ", - деп қысқаша жауап берді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Ол Қазақстанның бітімгер функциясы БҰҰ-ның қамқорлығымен жүзеге асатынын еске салды.

"Әзірше сұраныс болған жоқ. Қажет болған кезде, мүмкін. Бірақ бүгін біз мұндай мәселелерді қарастырып жатқан жоқпыз", - деп түйіндеді Қорғаныс министрі.

1 қарашада Израиль армиясы Газа секторындағы босқындар лагерін бомбалағаны хабарланған еді. Сонымен қатар Мысыр Газа секторында қоршауда қалған босқындарды өткізуге алғаш рет келісім бергені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: