Ресей шекарасын күзетуге Қазақстан әскер жібере ме – ҚР Қорғаныс министрі жауап берді
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
7 маусымда Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов "Ресейдің шекарасы мен қалаларын күзету үшін Қазақстаннан әскер жіберілуі мүмкін" деген қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер анонимді телеарналар ҰҚШҰ құрамындағы Қазақстаннан Ресей шекарасын қорғау үшін Воронеж және Белгород облыстарына кіруді сұраған деген жаңалықтарды таратқанын атап өтті.
Алайда Руслан Жақсылықов мұны фейк деп атады.
"Стоп-фейк бар екенін білесіздер. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ретінде айтайын Қазақстанның Қарулы күштері өз аумағымызда, бару, қандай да бір мәселелерді шешу міндеттемелерін, бітімгершілік миссияларын тек БҰҰ аясында атқарамыз, бірақ ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағында орындамаймыз және ешқайда барғалы жатқан жоқпыз, уайымдамаңыздар. Біз ешқайда кетпейміз", – деп сендірді Қорғаныс министрі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript